«Кәсіптік стандарт: «Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзу» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 560 бұйрығына 9-қосымша (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2026 жылғы 4 қарашадағы

№ 560 бұйрығына 9-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:

«Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзу»

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Кәсіптік стандарт «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес негізгі кәсіптерді құрылымдау, жұмыскерлердің жұмыс сипаттамалары мен негізгі еңбек функцияларын сипаттау, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындау үшін әзірленді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) - адамдардың, мүліктің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, құрылыс объектісінің қолданысын тоқтатуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;

2) элементтер бойынша бөлшектеу - жұмыстарды ұйымдастыру жобасы мен жұмыстарды жүргізу жоспарының шешімдеріне сәйкес объект элементтерін ретімен ажырату, уақытша бекіту, жылжыту және жинап қою;

3) қауіпті аймақ - құлайтын бөліктердің, жылжытылатын жүктің, жұмыс істеп тұрған машинаның, шаңның немесе өзге де қауіпті факторлардың әсері болуы мүмкін кеңістік;

4) жұмыстарды жүргізу жоспары - жұмыстарды орындау реттілігін, тәсілдерін, ресурстарын, қауіпті аймақтары мен қауіпсіздік шараларын белгілейтін ұйымдастыру-технологиялық құжат;

5) құрылыс материалдары мен бұзу қалдықтары - объектіні бөлшектеу кезінде пайда болатын және белгіленген тәртіппен қайта пайдалануға, қайта өңдеуге, беруге не жоюға жататын элементтер, бұйымдар мен заттар;

6) жасанды интеллект - нәтижені адамның міндетті кәсіптік тексеруі жағдайында мәтіндер жобаларын қалыптастыру, талдау, аудару және өзге де көмекші операциялар үшін қолданылатын ақпараттық технология.

3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады

1) СБШ - салалық біліктілік шеңбері

2) ЭҚЖЖ - экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.