(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛДЫҚ ТИІМДІ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІНІҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРЛЕ...

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 қаулысы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулы

 

Осы редакция 2025 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 718-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 7-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері:

екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша - кепілсіз банк қарыздары бойынша 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 35 (отыз бес) пайыз; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 (жиырма бес) пайыз;

микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша - 46 (қырық алты) пайыз;

микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде беретін микрокредиттер бойынша күніне 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайыздан аз, бірақ 179 (бір жүз жетпіс тоғыз) пайыздан аспайтын мөлшерде болып айқындалсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.