«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 852 бұйрығы

«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 852 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12572 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімнің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарында:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің аумағында өндірістің бар болуын есепке ала отырып, шикізат пен материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау (осы шикізат пен материалдардың импорты болған кезде толтырылады);

пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы;

қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;

технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);

инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынған заңды тұлғамен шарттық қатынастың бар болуын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты жеткізушілер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.