Қасқырлар мен шибөрілерге қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы
Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімі
Осы редакция 2017 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аңшылар мен аңға шығушыларды материалдық ынталандыру мақсатында:
1) әрбір олжаланған ересек қасқырға (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;