Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 Қаулысы
(2025.17.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2014.16.07. № 139 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.24.12. № 85 Қаулысымен (2025 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2014.16.07. № 139 Қаулысымен кіріспесі және 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.22.11. № 100 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.24.12. № 85 Қаулысымен (2025 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.24.12. № 85 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.