«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 697 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
мына:
«Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: