«Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 6 қазандағы № 354 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12107 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 1-1 және 1-2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Биоотын өндірушілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына осы бұйрыққа 1, 1-1 және 1-2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді (бұдан әрі - биоотын өндірісі бойынша есептер) ұсынады.».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.