«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 55 бұйрығы

«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 55 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында:

68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Жыл сайынғы мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік көміртегі кадастрындағы қондырғы операторы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес квоталау субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы электрондық есепті толтырады және верификациялайды немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көміртегі кадастрында есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін әкімшілендіру субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы электрондық есепті толтырады.»;

98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«98. Әкімшілік ету субъектісі ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мемлекеттік көміртегі кадастрында әкімшілендірілетін қондырғының өткен жылғы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептің электрондық нысанын толтыруға міндетті.»;

көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.