Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 468, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 830/НҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 210 бірлескен бұйрығы
(2025.22.11. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасының барлық аумағында атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын.
2. Қоса беріліп отырған атаулы Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының алгоритмі бекітілсін.