«Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың, интернет-платформалар операторларының мәліметтерді, сондай-ақ сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғаның (жалға берушінің) мүліктік жалдау (жалдау) шарттары тізілімін мемлекеттік кірістер органына ұсынуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы № 752 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың, интернет-платформалар операторларының мәліметтерді, сондай-ақ сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғаның (жалға берушінің) мүліктік жалдау (жалдау) шарттары тізілімін мемлекеттік кірістер органына ұсынуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37389 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аппараттық-бағдарламалық кешендерді мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйелерімен интеграциялау арқылы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға жататын мәліметтер тізбесі;