«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының құрылымдық элементі мен кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 97 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының құрылымдық элементі мен кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 97 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының құрылымдық элементі мен кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетектішік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

туризм және спорт министрі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.