«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 308 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 308 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қызметке кандидаттарға ӘДК-ге МК-ға жолдаманы алдағы қызмет орны бойынша бөліністердің кадр қызметтері, оқуға кандидаттарға олардың жеке істері қалыптастырылатын бөліністердің кадр қызметтері береді.

1-тармақтың бесінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

ӘДК пайдаланатын цифрлық жүйелерді қызметке автоматтандырылған қабылдаудың цифрлық порталдарымен интеграциялау кезінде МК-ға жолдама цифрлық форматта қалыптастырылады.

Қызметкерлерге ӘДК-ге МК-ға жолдаманы қазіргі жұмыс істейтін не болмаса алдағы уақытта жұмыс істейтін (орын ауыстырған кезде) қызмет орны бойынша бөліністердің кадр қызметтері береді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.