Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығы
(2026.12.06. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 194 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.26.05. № 194 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 12 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының он тоғызыншы абзацына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;