«Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 244-Ө бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10494 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:
«Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 242) тармақшасына сәйкес,- БҰЙЫРАМЫН:»;
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;