Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығына 5-қосымша)

5-қосымша 2026 ж. 1 сәуірге дейін қолданыста болады

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет

істері агенттігі төрағасы

2025 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 196 бұйрығына 5-қосымша

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі - кандидат) тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.

2. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тіл мен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтпейді.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.