Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ және «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 18 шілдедегі № 11-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Сапа бақылауын жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшеге):
1) мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыны және тану жүргізілген материалдарды (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) тіркей отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің нәтижелері туралы ақпаратты;
2) Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі болған жағдайда, қызметтік жазбаның жобасын;
3) Аудит бағдарламасының жобасын;
4) Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес жасалған аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасын ұсынады.»;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: