«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 бірлескен бұйрығы
(2017.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесі бекітілсін.
2. «Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 275 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 477 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11139 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте «Заң газетінде» № 138 (2724) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сонымен қатар Республикалық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;