Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.04.10. № 252 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 162 қаулысымен бекітілді
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 76 Қаулысымен күші жойылды
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мәдениет саласындағы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі -Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 «Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Мемориалдық тақталарды орнату қағидасының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда №12405 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағида) 2-қосымшасына сәйкес мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру не Стандартының 10-тармағында көзделген негіздерге сәйкес нысан бойынша Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.