«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 107 бұйрығы

 «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 107 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

18-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Комиссия отырысы мансап орталықтарының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде трансляцияланады және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып түсіріледі. Комиссия отырысының жазбасы еңбек мобильділігі орталығында он екі ай бойы электрондық жеткізгіште сақталады. Үміткердің бизнес-жобаны онлайн қорғауына жол беріледі.»;

18-тармақ мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Комиссияның шешімі еңбек мобильділігі орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Грант қаражатын нысаналы пайдалануды грант алушы бизнес-жобаға сәйкес Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы грант алған күннен бастап үш ай ішінде растайды.

Грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсына отырып, бизнес-жоспардың іске асырылу барысы туралы он екі ай ішінде тоқсан сайын есеп тапсырады.

Гранттардың нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды еңбек мобильділігі орталығы мансап орталығы арқылы жүзеге асырады.»;

38-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.