«Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16408 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.»;