ҚР СТ EN 1592-1-2018
Алюминий және алюминий қорытпалары
Жоғары жиілікті дəнекерлеуді қолданумен дайындалған құбырлар
1-бөлім. Бақылау мен жеткізудің техникалық сипаттамалары
(EN 1592-1:1997 «Aluminium and aluminium alloys - HF seam welded tubes - part 1: technical
conditions for inspection and delivery», IDT)
Осы ұлттық стандарт EN 1301-2:2008 еуропалық стандартына сəйкес жүзеге
асырылған және СЕН рұқсатымен қабылданған болып табылады, мекенжайы:
В-1000 Брюссель, Марникс даңғылы, 17.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Астана
4. Тапсырыстар немесе өтінімдер
7. Қабылдау кезіндегі бақылау құжаттары
8. Буып-түю, жеткізу және сақтау
B.А қосымшасы (ақпараттық) Стандарттардың сілтемелік стандарттарға сəйкестігі туралы мəліметтер
Осы стандарт суықтай тапталған тақтайшаларды қалыптастыра отырып алуға болатын, жоғарыжиілікті қорытпаны пайдалана отырып дайындалған, дəнекерленген құбырларға қолданылады.
Осы стандарт жоғарыжиілікті қорытпаны пайдалана отырып дайындалған, алюминий құбырларын бақылау және жеткізудің техникалық сипаттамаларын анықтайды.
Стандарт алдын ала лакталған, алдын ала боялған немесе алдын ала қалыптауға дейін анодталған, жабылмаған алюминий жолағынан дайындалған алюминий құбырларына, сонымен қатар құбыр бекіткіштерге қолданылады.
Осы стандартты қолдану үшін келесі сілтемелік құжаттар қажет. Күні көрсетілген сілтемелер үшін сілтемелік нормативтік құжаттың көрсетілген шығарылымы ғана, ал күні көрсетілмеген сілтемелер үшін сілтемелік нормативтік құжаттың (оның барлық өзгерістерін қоса есептегенде) соңғы шығарылымы ғана қолданылады.
EN 515:1993 Aluminium and aluminium alloys. Wrought products. Temper designations (Алюминий және алюминий қорытпалары. Пішіні өзгертілген бұйымдар. Материал күйінің белгілері).