Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 110 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3-тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ірі габаритті қалдықтар - мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;»;
3-тармақ 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мамандандырылған ұйымдар - коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;»;
31 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«31. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:
1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;