Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 5/39-VII шешімі
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/84-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 72682 нөмірімен тіркелген) қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-126 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.