«Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 295 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама ұйымдарының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу тәртібін айқындайды.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдау, оның ішінде:
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалуын және жобалау құжаттамасының сәйкестігін талдау;
объектінің басшылары мен персоналының даярлығы;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына қорытындының көшірмесін ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: