«Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 28 қазандағы № 637/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 163) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;