ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 13-баптың 4-тармағының бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тау-кен өндіру өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тəсілмен игере қазуға жарамды жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тəсілмен игере қазуға жарамды кен орнында уран өндіруге арналған келісімшарт, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.
Тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тəсілмен игере қазуға жарамды кен орнында уран өндіруге арналған келісімшарт немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.»;
2) 28-1-баптың 1 жəне 2-тармақтарындағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
3) 35-баптың 3-тармағындағы «уран өндіру» деген сөздер «уранды барлау немесе өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 36-бапта:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) уранды барлауға арналған үлгілік келісімшарт;»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 11) жəне 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жер қойнауын пайдаланушының өзінің жəне мердігерлерінің көмірсутектер жəне уран саласындағы уəкілетті органдар айқындайтын, көмірсутектерді барлау немесе өндіру, уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді сатып алу тəртібін сақтауы жөніндегі міндеттемелері;
12) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекспен келісімшарттық міндеттемелерге жатқызылатын көмірсутектерді барлау жəне өндіру, уранды барлау немесе өндіру бойынша базалық жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бұзылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жəне (немесе) оның мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру, уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тəртібін сақтауы бойынша міндеттемелерді бұзушылығын қоса алғанда, келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;»;
5) 40-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «уран өндіруге» деген сөздер «уранды барлауға немесе өндіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «уран өндіруге» деген сөздер «уранды барлауға немесе өндіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 42-баптың 3-тармағы «соттың» деген сөзден кейін «(арбитраждың)» деген сөзбен толықтырылсын;
8) 44-бапта:
2-тармақта:
5) тармақшадағы «бір пайыздан» деген сөздер «жиырма бес пайыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда талап етілмейді.» деген сөздер «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) иеленушісіне дауыс беру құқығын жəне жер қойнауын пайдаланушыны (немесе жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғаны) басқаруға қатысу құқығын бермейтін, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты тиесілі акциялар, пайлар жəне өзге де бағалы қағаздар (қаржы құралдары) ауысқан жағдайда талап етілмейді.
Бұл ретте, егер қандай да бір пассивті инвестор жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды, соның ішінде оның таза табысының жиырма бес пайызынан астамына құқық ала отырып иеленетін болса, осы Кодекстің 47-бабына сəйкес құзыретті органды хабардар ету талабы сақталады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құзыретті органның рұқсатынсыз, сол сияқты рұқсаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін жасалған, жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша мəмілелерді құзыретті органның талап-арызы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін.»;
9) 45-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «уран өндіру» деген сөздер «уранды барлау немесе өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 60-бапта:
бірінші бөліктегі «атқарушы» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац «пайдалы қатты қазбалар» деген сөздерден кейін «, уран» деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «уран өндіру» деген сөздер «уранды барлау жəне өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
11) 61-бапта:
5) тармақшадағы «уран өндіру» деген сөздер «уранды барлау жəне өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «уранды жəне» деген сөздер «уранды барлау жəне өндіру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2) тармақшадағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
12) 62-баптың 11-2) тармақшасындағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
13) 63-бапта:
тақырыптағы, бірінші абзацтағы, 1) жəне 2) тармақшалардағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
3) тармақшадағы «уран өндіру» деген сөздер «уран» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-1) тармақшадағы «уран өндіру» деген сөздер «уран бойынша жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) уран саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жəне оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру жəне жүргізу;»;
4) тармақшадағы «уран өндіру» деген сөздер «уран бойынша жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «уран өндіру жөніндегі» деген сөздер «уран жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «уран өндіру кезінде» деген сөздер «уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «уран өндіру» деген сөздер «уран бойынша жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 67-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «жəне уран өндіру» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласында жүзеге асырады.»;
15) 70-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «көмірсутектер мен» деген сөздер «көмірсутектер, пайдалы қатты қазбалар жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «көмірсутектер» деген сөзден кейін «, пайдалы қатты қазбалар » деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны беру үшін - жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында тиісті аумақ аукциондық санаттан пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға ғана жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аумақ санатына ауыстырылған күннен бастап қатарынан үш жылмен;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уранды барлауға арналған келісімшарт жасасу үшін - уранның кенденуі жəне (немесе) уран кенжатыны бар аумақпен;»;
3) тармақшадағы «уран өндіруге» деген сөздер «уранды барлауға немесе өндіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 74-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының жобасы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен кешенді сараптамаға жатады.
Кешенді сараптама нəтижелері бойынша берілген сараптамалық қорытындылар жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің қаралған жобаларын бекітуге негіз болуға тиіс.
Кешенді сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының жобаларын бекітуге жəне іске асыруға жол берілмейді.»;
17) 79-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
18) 116-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «кен орындарын сынап пайдалануды қоса алғанда, оларды» деген сөздер «бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалануды жəне сынамалап пайдалануды қоса алғанда, кен орындарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші жəне үшінші бөліктеріндегі «табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалануды қоса алғанда,», «сынап пайдалануды қоса алғанда,» деген сөздер «бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалануды жəне сынамалап пайдалануды қоса алғанда, табылған кенжатынды (кен орнын)», «бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалануды жəне сынамалап пайдалануды қоса алғанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 121-бапта:
4-тармақтағы «олардың сынамалап пайдаланылуын қоса алғандағы» деген сөздер «олардың уақытша жəне сынамалап пайдаланылуын қоса алғандағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «жұмыстар бағалау жұмыстары деп танылады.» деген сөздер «жұмыстар, сондай-ақ бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалану бағалау жұмыстары деп танылады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1 жəне 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Барлау кезеңінде тоқсан күннен астам мерзімге жүргізілетін бұрын бұрғыланған ұңғымаларды пайдалану ұңғымаларды уақытша пайдалану деп танылады.
6-2. Жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларында көзделген технологиялық өлшемшарттарға сəйкес жер қойнауын ұтымды əрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін, бұрын бұрғыланған ұңғыманың барлау кезеңіндегі жұмыс режимі оның бапталған жұмыс режимі деп танылады.»;
20) 123-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Көмірсутектер кенжатыны табылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ішінде бұрын бұрғыланған ұңғыманы сынауды тоқсан күннен астам мерзімге ұзарту арқылы оны уақытша пайдалануды жүргізуге құқылы.
Егер ұңғыманы сынау нəтижелері бойынша мұнай құрамында шикі газдың бар екені анықталса, осы Кодекстің 147-бабына сəйкес шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын əзірлеу жəне бекіту шартымен уақытша пайдалануға жол беріледі.
Ұңғыманы сынау нəтижелері бойынша мұнай құрамында шикі газ болмаған кезде ұңғыманың барынша бапталған (көмірсутектерді өндірудің ең аз көлемімен) жəне қауіпсіз жұмыс режимін қолдану шарттарымен оны уақытша пайдалануға жол беріледі. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уəкілетті органды ұңғыманың жоспарланып отырған жұмыс режимін көрсете отырып, ұңғыманы уақытша пайдаланудың басталғаны туралы хабардар етуге міндетті. Хабарламаға ұңғыманы сынау нəтижелері туралы есеп қоса беріледі.
Уақытша пайдалану кезінде ұңғыманың жұмыс режимін белгілеу ерекшеліктері жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларында айқындалады.
Егер бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалану шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын жəне (немесе) жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларының талаптарын бұза отырып жүргізілсе, көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган оған тыйым салуға құқылы.»;
21) 125-бапта:
1-тармақ «сынамалап пайдалану жобасына» деген сөздерден кейін «, барлау кезеңінде бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүргізуге арналған барлау жұмыстарының жобасына» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «кен орнын игеру жобасында» деген сөздерден кейін «, барлау кезеңінде бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүргізуге арналған барлау жұмыстарының жобасында» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 147-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «Көмірсутектерді өндіруді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ барлау кезеңінде бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалануды» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдаланушылар шикі газды ұтымды пайдалану жəне қоршаған ортаға зиянды əсерді төмендету мақсатында көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган бекітетін нысан бойынша шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын əзірлеуге міндетті. Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытынды алынған базалық жобалау құжатының сараптамалары немесе əзірлеменің талдауы негізінде;
2) мұнай құрамында шикі газ болған жағдайда, бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүзеге асыру кезінде əзірленеді. Бұл жағдайда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында ұңғыманың барынша бапталған (көмірсутектерді өндірудің ең аз көлемімен) əрі қауіпсіз жұмыс режимі қолданылатын жұмыс режимі көзделуге тиіс.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «əзірлеу жобасында жəне» деген сөздер «əзірлеу жобасында жəне (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «əзірлеу жобасында жəне» деген сөздер «əзірлеу жобасында жəне (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кен орнын əзірлеу жобасында жəне (немесе) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделмеген, сондай-ақ кен орнын əзірлеу жобасын жəне (немесе) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бұза отырып жүзеге асырылатын, шикі газды қабатқа айдауға тыйым салынады.»;
23) VIII бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«VIII бөлім. Уранды барлау жəне өндіру»;
24) 22-тараудың тақырыбындағы «Уран өндіруге арналған» деген сөздер «Уран бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 1-параграфтың тақырыбындағы «уран өндіруге арналған» деген сөздер «уран бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 160-бапта:
тақырыптағы «уран өндіруге арналған» деген сөздер «уран бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «өндіруге» деген сөз «барлауға немесе өндіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «өндіруге арналған» деген сөздер «жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру əдісімен игере қазуға жарамды кен орнында өндіруге арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілген ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тəсілмен игере қазуға жарамды кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаға ғана берілуі мүмкін.
Кез келген келесі беру кезінде мұндай заңды тұлға алынған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тек уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаға ғана беруге құқылы.»;
27) 161-баптың 1-тармағындағы «уран өндіру» деген сөздер «уранды барлау немесе өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 162-бапта:
1-тармақтағы «өндіруге арналған» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «уран өндіруге» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Уран өндіруге» деген сөздер «Жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уран өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекске сəйкес уранды тəжірибелік-өнеркəсіптік немесе өнеркəсіптік өндіру жобасын əзірлеуді жəне оның сараптамасын қамтамасыз етуге міндетті;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекске сəйкес барлау жұмыстарының жобасын əзірлеуді жəне оның сараптамасын қамтамасыз етуге міндетті;»;
3) тармақшадағы «уранды өндіруге арналған типтік», «уран өндіруге» деген сөздер «уранды барлауға немесе өндіруге арналған үлгілік», «уранды барлауға немесе өндіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жəне қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасады жəне оның данасын (даналарын) уран саласындағы ұлттық компанияға жібереді.»;
29) 2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуы»;
30) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«163-бап. Құзыретті органның уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуы
1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны жол берілген бұзушылық туралы мынадай:
1) осы Кодекстің 180-бабында көзделген есептілікті ұсынбаған не көрінеу анық емес есептілікті ұсынған;
2) жер қойнауын пайдаланушы уран өндіруге арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді есепті жыл үшін отыз пайыздан кем орындаған;
3) белгіленген графикке сəйкес қамтамасыз ету сомасын қалыптастырмай не қамтамасыз ету сомасын қалыптастыру графигін бұза отырып, жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізген;
4) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелерді бұзған өзге де жағдайларда жазбаша хабардар етеді.
Жер қойнауын пайдаланушы жол берілген бұзушылық туралы хабарламаны алған күннен бастап үш ай ішінде - осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтарды жоюға, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелерді бұзушылықтарды - хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға жəне жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құзыретті органға бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтардың біреуін үш ай мерзімде жоймаған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелердегі екіден астам бұзушылықты құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
2. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мынадай:
1) егер уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау жұмыстарының нəтижелерінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган растаған уранның кенденуін жəне (немесе) уран кенжатынын анықтамаған;
2) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт қолданысының мерзімі өткенге дейін бүкіл жер қойнауы учаскесін қайтарған;
3) құзыретті орган осы бапта көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайларда өзінің қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
3. Құзыретті орган:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2) жер қойнауын пайдаланушының тиісінше бекіткен жəне осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарынсыз уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген;
3) осы Кодекстің 176-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында немесе жобалау құжатында көзделген уранның алынатын қорларын толық игере қазған;
4) осы Кодекстің 173-бабының 5-1-тармағында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған;
5) жер қойнауын пайдалану құқығының жəне жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына қатысты осы Кодекстің талаптарын жер қойнауын пайдаланушы бұзған жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
4. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуды жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы мұндай хабарламаны алған күннен бастап екі ай өткеннен кейін келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығын олар хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде сотта даулауға құқылы. Жер қойнауын пайдаланушы сотқа жүгінген жағдайда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган, егер жер қойнауын пайдаланушының стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі əрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келетін жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын біржақты тəртіппен тоқтатуға құқылы.
Келісімшарттың қолданысы көрсетілген негіз бойынша біржақты тəртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
7. Егер жер қойнауын пайдаланушының стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі əрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келетін жағдайда, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарттың, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың талаптарын өзгертуді жəне (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарттың қолданысын, егер:
1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту жəне (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы жазбаша түрде келісімшарт талаптарын өзгерту жəне (немесе) толықтыру бойынша келіссөздер жүргізуге өз келісімін растамаса не оны жүргізуден бас тартса;
2) келісімшарт талаптарын өзгерту жəне (немесе) толықтыру бойынша келіссөздер жүргізуге жер қойнауын пайдаланушының келісімін алған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту жəне (немесе) толықтыру бойынша келісімге қол жеткізбесе;
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру бойынша келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгеріске жəне (немесе) толықтыруға қол қоймаса, біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.»;
31) 164-бапта:
тақырыптағы «Уран өндіруге арналған» деген сөздер «Уран бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
1, 2, 3, 4, 5, 6 жəне 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап осындай келісімшартта бекітілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып саналады.
2. Барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған күннен бастап барлау немесе өндіру учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып саналады.
Егер уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартта екі жəне одан да көп барлау немесе өндіру учаскесі бекітілген болса, онда барлау немесе өндіру учаскелерінің бірі бойынша барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған күннен бастап мұндай учаске мемлекетке қайтарылған болып саналады.
3. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны мына шешімдердің бірі:
1) осындай жер қойнауы учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану салдарын жою;
2) жер қойнауы учаскесін консервациялауды жүргізу;
3) жер қойнауы учаскесін уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру туралы хабардар етеді.
4. Хабарлама мынадай мерзімдерде жіберіледі:
1) барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған соң жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда - осындай аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын;
2) құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарламаны жібере отырып, бір мезгілде;