«Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларын қалыптастыру және олардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 547 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларын қалыптастыру және олардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 115 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларын қалыптастыру және олардың қызметін жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;