«2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 5 маусымдағы № 295 бұйрығы (2025.29.10. берілген өзгерістермен)

2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 5 маусымдағы № 295 бұйрығы

(2025.29.10. берілген өзгерістермен)

 

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024 - 2025, 2025 - 2026, 2026 - 2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығының 1-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 30 мамырдағы № 01/2 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2025 - 2026 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2025 - 2026 оқу жылына ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратурада оқытуға арналған өңірлік ЖЖОКБҰ-ларда жекелеген грант түріндегі мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2025 - 2026 оқу жылына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.