Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 284-НҚ бұйрығы
(2024.22.07. берілген өзгерістермен)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі