«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 6-қосымша) (2016.27.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2015.08.12. № 631 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

6-қосымша

 

 

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 (2016.27.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары, веб-қосымша «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі - салық төлеушінің кабинеті) арқылы;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) тіркеу есебіне қою - салықтық өтінішті қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2) электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі - ЭЦҚ) жою немесе ауыстыру - көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.