Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығы
(2019.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.12. № 953 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін.
2. Ішкі істер министрінің: