Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 125 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 125 қаулысына қосымша
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4152 тіркелген, 2016 жылы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 120 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4404 тіркелген, 2016 жылы 30 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);