«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 141 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы даму трансферттері мыналарға:
1) білім беру объектiлерiн; жергiлiктi маңызы бар басым білім беру объектiлерiн;
2) денсаулық сақтау объектiлерiн; жергiлiктi маңызы бар денсаулық сақтаудың басым объектiлерiн;
3) медициналық-әлеуметтік мекемелерді: психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерді, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтарын, мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарын;
4) автоматтандырылған газды бөлу станцияларын сала отырып, магистральді газ құбырларынан жоғары қысымды газ өткізу-бұру құбырларын және жоғары қысымды кент аралық келтіруші газ құбырларын;
5) мемлекеттік (салалық) бағдарлама бойынша жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйлерді;
6) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін;
7) қалалар мен ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін;
8) халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей табиғи зілзалалардан инженерлік қорғау объектілерін;