«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тетіктерін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 549 бұйрығы (күші жойылды)

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тетіктерін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 549 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 26 бұйрығымен күші жойылды

 

Халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тетіктерін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) ағымдағы жылғы 28 тамызға дейінгі мерзімде нормативтік құқықтық актілердің деңгейлері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары түрінде ұсыныстар енгізсін.

3. Министрліктің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, жұмыс тобы қызметінің шарттарын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Вице-министр

В. Дудник

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

вице-министрінің

2022 жылғы 7 шілдедегі

№ 549 бұйрығына

қосымша

 

 

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді

шарттарын жасасу тетіктерін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының

құрамы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.