Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 108 бұйрығы
(2024.15.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.29.08. № 395-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса ұсынылып отырған Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.