(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ...

Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 19 наурыздағы

№ 392 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, бірінші басшысының қарауы бойынша штат саны шеңберінде құрылатын орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары (құрылған болса), Қазақстан Респүубликасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі - ішкі аудит қызметтері) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тәртібін анықтайды.

Ішкі мемлекеттік аудит Заңның 17-бабының 1-тармағында айқындалған өзара байланысты кезеңдерден тұрады.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аудиторлық дәлелдемелер - мемлекеттік аудиторлардың жұмыстағы бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің бар немесе жоқ екенін анықтауына негіз болатын, заңдылығы, дәйектілігі және қолжетімділігі ескерілген нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге материалдар;

2) аудиторлық рәсімдер - аудит бағдарламасына сәйкес аудиторлық іс-шара барысында жүзеге асырылатын, аудиторлық іс-шара мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет іс-қимылдар;

3) аудиторлық іс-шара - ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша есептер мен қорытындыларды дайындауға, жүргізуге, ресімдеуге бағытталған іс-қимылдар кешені;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.