«Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 15-05/831 бұйрығы
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7967 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 802-806 (27877) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Нысанды киім (погонсыз) үлгілері» деген 2-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: