«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 45 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 45 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:

14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елушінші абзацтармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қабылданатын шешімдерді мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру;

салықтық әкімшілендіру кезінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдану;

салық мәдениетін арттыруға және салық тәртібін күшейтуге бағытталған іс-шараларды жүргізу;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемелерді орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;»;

15-тармақта:

1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;»;

1-2) тармақша алып тасталсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.