«Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 784 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 552 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12734 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларында, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібінде:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.