«Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 527 бұйрығы

«Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 527 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 тамызда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларында:

2-тармақта:

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

3) азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғысын бағалау - нақты біліктілік деңгейі үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін анықтау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізетін сараптама;»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) тренажерлік даярлық - авиация персоналын кәсіби даярлау процесі, одан өту кезінде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен имитациялаудың құрылығыларының көмегімен практикалық дағдылары мен машықтарын алады, ұстап тұрады және жетілдіреді;»;

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.