«Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 359 бұйрығы (2024.14.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 359 бұйрығы

(2024.14.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024.28.06. № 142 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024.28.06. № 142 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандары:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орман заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес заңсыз олжаланған орман ресурстарын, құқық бұзушылық жасау құралдары болған көлік құралдарын, оларды уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.