Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығы
(2019.17.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет министрінің 2014.18.06. № 77 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет министрінің 2014.18.06. № 77 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
ҚР Мәдениет министрінің 2014.18.06. № 77 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидалары бекітілсін
2. Тарихи-мәдени мұра департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.