Қазақстан Республикасының
Заңы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
(2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен тақырыптағы, кiрiспедегі және бүкiл мәтiн бойынша «және онымен жасалатын мәмiлелердi», «және онымен жасалатын мәмілелердің», «және онымен мәмілелерді» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басым мүдделер - осы Заңға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын және мемлекеттік тіркеусіз жарамды деп танылатын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары);
2) бұрын туындаған құқық (құқықтар ауыртпалығы) - 1996 жылғы 1 наурызға дейін туындаған және ол тиісті құқық туындаған сәтте қолданыстағы заңнамаға сәйкес келген жағдайда жарамды болатын жылжымайтын мүлікке құқық (құқық ауыртпалығы);