«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 164 бұйрығы (күші жойылды)

 «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 164 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 112-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:

17 және 18-тармақтары алып тасталсын;

24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының игерілмеуі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының және төленген міндеттемелердің, бюджет қаражатының үнемделуінің, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің бөлінбеген қалдықтары арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. 1-МББӘ нысаны бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп АЖ-ды қолдана отырып жасалады.

1-МББӘ және 1-МУО нысандары мынадай түрде толтырылады:

1) 1-11, 13, 14-бағандарды толтырылмайды (осы бағандардың мазмұны АЖ-дан автоматты түрде алынады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.