(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҮГЕДЕКТЕРДІ САНАТОРИЙ - КУРОРТТЫҚ ЕМДЕУМЕН ҚАМТАМА...

Осы редакция 2018 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 19 қазандағы

№ А-10/471 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Мүгедектерді санаторий - курорттық емдеумен қамтамасыз ету»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мүгедектерді санаторий - курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

 Мемлекеттік қызметті көрсетудің өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мүгедектерге санаторий - курорттық емдеуді көрсетудің мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады (бұдан әрі - хабарлама).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

 бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий - курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны әрбір құрылымдық бөлімшелердің тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады - 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді - 2 сағат;

3) жауапты орындаушы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.