Осы редакция 2017 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 25 сәуірдегі
№ 29/01 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесімен (бұдан әрі - Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көшірме мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау