«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 657 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 657 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

2-тармақтың 2) және 24) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) авиациялық бөлім (әскери бөлім, құрылымдық бөлімше) - Қазақстан Республикасының жойғыш, бомбалаушы, шабуылдаушы, көлік, армиялық және оқу-жаттығу мемлекеттік авиациясы ӘК ұшуын жүргізуді, оларды пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, авиациялық комендатуралар, авиациялық мүлік қоймалары, пилотсыз әуе кемесін (бұдан әрі - ПӘК) пайдаланатын бөлімшелер, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталықтары, ПӘК жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталықтары кіретін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің құрылымдық бөлімшелері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.