Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығы
(2024.16.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 2-2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.31.07. № 384 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:
1) 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 35 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 4 пайыз;