«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 2019 жылғы 5 шілдедегі № 132-НҚ бұйрығы (2019.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 2019 жылғы 5 шілдедегі № 132-НҚ бұйрығы

(2019.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2020 жылғы 5 желтоқсандағы № 4н/қ бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 177 қаулысына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қоса беріліп отырған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 209 және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 43-ОД бұйрықтарының күші жойылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.