Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығы
(2016.18.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 562-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.